НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. ММА әлем чемпионатының ширек финалында Ерназ Мұсабек жергілікті спортшы Мансур Магомедовпен жекпе-жек өткізді. Қазақстандық спортшы "гогоплата" деп аталатын ерекше тұншықтыру тәсілін қолданып, бірінші раундта жеңіске жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Магомедов бұл тәсілден кейін есінен танып қалды. Төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты, деп хабарлайды Sports.kz.
Кездесу қорытындысы бойынша Ерназ Мұсабек әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Тағы оқыңыз: Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
ММА әлем чемпионаты Бахрейнде 9 қараша күні басталды. Жарыс 17 қараша күні аяқталады.