Қоғам

"Біздің облыстың патриоты емессіздер": Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді

Жазылу
Аймақ басшысы Болат Бақауов облыс әкімдерінің рейтингісіне қатысты сұраққа жауап бергісі келмей, жалтарып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Павлодар облысының әкімі үшін ең күрделі рейтинг – президент әкімшілігінің беретін бағасы. Бұл туралы Болат Бақауов Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Елордада есеп берген Павлодар облысының әкіміне БАҚ өкілдерінің бірі рейтингіге қатысты сұрақ қойды. Атап айтқанда, Бақауовтан ай сайын жасалатын әкімдер рейтингінде көш соңында жүруінің себебін сұрады.

"Мен таяуда басқа рейтинг көрдім. Онда мен ортасында жүр екенмін (күлді). Түрлі-түрлі рейтинг бар ғой. Төрт адам рейтинг жасауы мүмкін, "подписчиктері" бар дегендей. Мәселен, он "подписчигі" бар десек, сегізі қарсы болып, екеуі қолдаса, сексен проценті қарсы шыққандай болады ғой. Сондықтан, менің ойымша, ең күрделі рейтинг – президент әкімшілігі жасаған рейтинг. Біздің алдымызға қойылған тапсырмалар, нақты міндеттер бар", - деді ол.

Осы кезде журналистердің бірі "халықтың рейтингі қайда қалды?, "сонда сізді тек биліктегі шенеуніктердің рейтингі ғана қызықтыра ма" деп сұрады. Бұл сауалға Бақауов нақты жауап берген жоқ, жалтарып кетті.

ТОП-10: саясаткерлердің рейтингісі

"Одан да біз сіздермен біздің облыстың рейтингін жасайық. Мен сіздермен Нұр-Сұлтанда тұрып Павлодар туралы сөйлескім келмес еді. Себебі, сіздер біздің облыстың патриоты емессіздер. Мен сіздерді өз есебімде көргім келеді. Сол жерде сұрақ қойып, халық тыңдаса. Егер Павлодар облысы сіздерді қызықтырса, сол жерде жұмыс істеңіздер", - деді аймақ басшысы.

Осы жылдың қыркүйегінде үкімет басшысы ірі қалалар мен облыс әкімдерінің жұмысы үш критерий бойынша бағаланатынын айтқан еді. Оған бизнеске жасалған қолайлы жағдай, инвестиция тарту және инфрақұрылымды дамыту кіреді.

Жаңалықтар
0