Өңірлер

Павлодарлықтардың орташа жалақысы қанша – әкімнің жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңір басшысы мамандар жетіспегендіктен, кейбір кәсіпорындарда жабдықтың 30 проценті тоқтап тұрғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Павлодар облысында орташа жалақы 165 мың теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін өңір әкімі Болат Бақауов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Облыс бойынша орташа жалақы – 165 мың теңге. Ең жоғары айлық ірі индустриялық кәсіпорындарда, ал ең азы - ауыл шаруашылығы саласында тіркелген", - деді Бақауов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Павлодар облысында қазір 25 мың жұмыс орны бос тұр, он мыңы – тұрақты. Бақауов өңірде маман тапшылығы проблемасы барын мойындады.

"Павлодар – еңбек күші тапшы өңір. Облыста кәсіп ашу қиын емес, бірақ оны қажетті кадрлармен қамтамасыз ету үлкен мәселе. Қазір бізде мамандардың жетіспеуінен кейбір кәсіпорындарда жабдықтың 30 проценті тоқтап тұр. Бұл факт", - деді әкім.

Тағы оқыңыз: "Жалақы 50%-ке дейін өседі": министр 2020 жылы болатын өзгеріс туралы айтты

Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, осы жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,7 процентке жеткен.

Жаңалықтар
0