Ресей СІМ басшысының пікірінше, Вашингтонның түпкі мақсаты – шығыс жағалауда орналасқан мұнай кеніші. Оған қол жеткізу үшін Ақ үй кез келген құралды қолдануға дайын.
Тағы оқыңыз: Қазақ жігіттерінің Сирияда немен айналысқаны әшкере болды
"АҚШ Сирияның демократиялық күштері, күрдтер – халықтық өзін-өзі қорғау жасақтары және басқа да топтар негізінде жергілікті әкімшілік құру үшін Парсы шығанағындағы елдерден қомақты инвестиция сұрайды, бұл Сирияның осы бөлігін бөліп алып, ондағы мұнай кенішін бақылауды көздеп отырғанын білдіреді", - дейді Сергей Лавров.