НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Он бір жастағы елордалық Айша Алматтың қойылымы Central Asia Got Talent шоуының қазылар алқасын таңғалдырды.
Ішінен түрлі дыбыс шығара алатын қыз өзінің "құрбысымен" бірге өнер көрсетеді. Құрбысы – Клара есімді қарға-қуыршақ. Дарынды бала ойыншығының атынан сөз сөйлеп, ән айтады.
View this post on Instagram
Айша ерекше қойылым ойлап тапты. Онда Клара қазылар алқасының әр мүшесіне арнап сөз сөйлеп, олар туралы ән айтып берді.
View this post on Instagram
Ал әнші Ситора жас әртістің Instagram-дағы парақшасына жазылғанын және оның өнерін тұрақты түрде бақылап отыратынын айтты.
Атап өтсек, 2017 жылы America"s Got Talent америкалық шоуында Айша Алмат сияқты ішінен дыбыстай алатын 12 жастағы Дарси Линн Фармер жеңіске жеткен еді.