Ресейдің аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Краснодар қаласында жанкүйерлерімен кездесті. Кездесуде балалар мен жасөспірімдер көп болды. Нурмагомедов жас спортшылар мен олардың ата-аналарына ақыл-кеңес берді.
"Мен ата-аналарға балаларына үлгі болуға кеңес берер едім. Оқуын, жаттығуға баруын қадағалау керек. Балалардың бос уақыты болмауы керек. Бос уақыт – балалар үшін өте қауіпті ", - деді спортшы.
Ол өзіне қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс білдірді.
Тағы оқыңыз: UFC тарихындағы рекордтық сома: жекпе-жегі үшін Хабибке қанша төледі?
Толығырақ видеодан көріңіз.