НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша — Sputnik. Ресейдің Sukhoi Superjet 100 ұшағын Қазақстанға жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.
"Мемлекеттік органдар деңгейінде мұндай келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Отандық әуе компанияларының паркіндегі ұшақтардың басым бөлігі батыста жасалғанын", - деді комитеттегілер.
Отандық тасымалдаушылар паркіне Sukhoi Superjet 100 ұшағын қосу жоспарда жоқ.
"Ресейлік әуе компанияларының паркіндегі ұшақтар да негізінен батыста жасалған", - деді комитет.
Бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Андрей Руденко Sukhoi Superjet 100 (SSJ100) ұшағына қатысты келіссөздер жөнінде айтқан болатын.
Тағы оқыңыз: Назарбаев ұсыныс жасады: Кремльдің жауабы қандай?
SSJ100 – ресейлік жолаушылар лайнері. Ол 98 жолаушы ғана дейін тасымалдайды. Ең ұзақ қашықтығы – 4,4 мың шақырым. Алғашқы ұшақ 2008 жылы рейс жасады. 2011 коммерциялық қолданысқа берілді.
Қазақстанда Comlux-KZ әуе компаниясы Sukhoi Superjet 100 ұшағын бизнес ұшулар үшін қолданады.