Әлем

Тарихшы студентін өлтіріп, денесін бөлшектеген: іске қатысты видео жарияланды

© PhotoСилуэт девушки на фоне реки
Силуэт девушки на фоне реки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видео кадрларынан ер адамның түнде жағалауға келіп, қапты өзенге лақтырғанын, одан кейін өзінің суға құлағанын көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Желіде студент қыздың өліміне қатысты бейне бақылау камераларының видеосы жарияланды. Онда университет профессоры Олег Соколовтың айғақтардан құтылғысы келіп, өзі өлтірген студент Анастасия Ещенконың денесін өзенге лақтырғаны көрініс тапқан.

"78" телеарнасы жариялаған кадрлардан күдіктінің иығында ауыр қап бар екенін байқауға болады. Одан кейін ол сол маңда ешкім болмағанын күтіп, қапты өзенге лақтырып жібереді.

Соколов екінші рет айғақтардан құтылуға тырысып, Мойка өзеніне құлап түседі. Оны құтқарушылар алып шығады.

Бұған қоса, РЕН ТВ тарихшыны Мойка өзенінен құтқару сәті түскен видео жариялады.

Бейнебақылау камералары құтқарушы қайықтың суға құлаған ер адамға жүзіп келгенін түсіріп алған. Ол профессор Соколов болып шықты. Санкт-Петербургтегі жоғары оқу орны оқытушысынан рюкзак табылады. Ал бұл сөмкенің ішінде әйелдің екі қолы жатады.

Өлтіріп, бөлшектеп тастады: тарихшы студентін өлтірді

Олег Соколовтың айтуынша, ол қызды қызғаныштан ұсақ калибрлі мылтықпен атып, одан кейін бөлшектеп тастаған. Студенттің денесі профессордың пәтерінен табылды.

Соколов қызды 7 қараша күні айуандықпен өлтірген. Бірақ қаніпезер екі күн өткен соң ғана ұсталыпты.

"Тергеушілер Мойка өзені бойындағы пәтерден өлген қыздың басын тауып алды", - деп хабарлайды Mash telegram-каналы.

Сенбіге қараған түні ер адам қыздың денесін арамен бөлшектеп тастайды. Қылмыскер сұмдық қылмысын Мойка өзенінде жасырмақ болған кезде полиция қолына түседі.

Өзен жағасынан 26 шабылған қол салынған қап табылды 

Mash мәліметінше, оқытушы мен студент бір-бірін ұнатып, кездесіп жүріпті.

Қаза болған қыздың ағасы Сергей Ещенконың айтуынша, ол қарындасымен соңғы рет сөйлескен кезде Анастасия профессормен қатты ұрсысып қалғанын жеткізген. Екеуі бірге тұрыпты.

Айыпталушының адвокаты "тергеушілер Соколовтан жауап алды" дейді. Тарихшы өз кінәсін мойындаған.

Жаңалықтар
0