Аңдатпа

Қазақстанда 12 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевАстана көрінісі
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 12 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 13 – 22 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

12 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – үкімет отырысы. Күн тәртібіндегі мәселе – 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы. (Аккредитация бойынша 8 (7172) 75 00 10, 74 54 94 телефонына немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасына хат жолдауға болады).

09.00 – қазақстандық экспорттаушыларға арналған оқыту семинарлары басталады. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов құттықтау сөз сөйлейді. Спикерлер қатарында GLP принциптерін енгізу саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары – ЭЫДҰ директоратының (Франция) GLP бағдарламасы бойынша жетекшісі Ричард Сигман және Ресей ұлттық медициналық зерттеу университеті GLP зерттеу орталығы басшысының орынбасары Аркадий Мурашев бар. ("Hilton Astana" қонақ үйі, Сауран көшесі, 46. Аккредитация  n.sandybekova@nca.kz поштасы арқылы жасалады. Байланыс телефоны: +7 702 112 33 03, +7 701 730 73 33).

09.00 – Қазақстан кәсіпорындары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) GLP зертханасының стандарттарын енгізуге байланысты семинар өтеді. Оған беделді сарапшылар қатысады. Оның ішінде ОЭСР (Франция) GLP бағдарламасының жетекшісі Ричард Сигман, Ресей ұлттық медициналық зерттеу университеті GLP зерттеу орталығы жетекшісінің орынбасары Аркадий Мурашев бар (Hilton Astana қонақ үйі, Сауран көшесі, 46. Аккредитация n.sandybekova@nca.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

09.30 – "Орталық Азиядағы радикализация мен теріс ақпарат таратуға орнықтылықты күшейту" жобасының таныстырылымы. Бұл жобаны Еуропалық одақ қаржыландырады ("Park Inn by Radisson" қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А. Аккредитация: +7 702 937 7477).

10.00 – "Байқоңыр – әлемдік космонавтиканың бесігі-2019" халықаралық форумы. Биыл бұл шараға 400-ден астам адам қатысады. Олардың ішінде ғарыш саласындағы әлемдік компаниялар, танымал ғалымдар мен сарапшылар бар. (ЭКСПО Конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44. Аккредитация kazspace_astana@mail.ru электронды поштасы немесе +7 747 215 28 66 телефоны арқылы жасалады).

11.00 – Ұлттық валюта және қаржыгерлер күніне орай "Теңге – тәуелсіздік символы" атты көрме өтеді. Онда 1923-1937 жылдары мемлекеттік жинақ кассасы қалай жұмыс істегені, ұлттың валютаның қалай қолданысқа енгені және алғашқы банкнот пен монетаның дизайні қалай жасалғаны туралы тың деректер қойылады. Сондай-ақ көрмеде антиквар-нумизмат Рашит Әбдіразақов пен Әрсен Сексенбаев жеке коллекциялары қойылады (Мемлекеттік архив, Қалдаяқов көшесі, 13. Байланыс телефоны: +7 775 094 42 76).

15.00 –  "Автожолдар салу және олардың реконструкциясы" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов, "ҚазАвтожол" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков қатысады. (Қазақстан үкіметінің баспасөз орталығы. Аккредитация: 8(7172) 75 00 10, 74 54 94 телефоны немесе press.kpm@mail.ru поштасы).

18.30 – Халықаралық валюта қоры миссиясының баспасөз мәслихаты. Спикер –  ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы Марк Хортон. Тақырыбы: экономикалық жағдайға шолу, экономикалық дамудың перспективалары, тәуекелдері (Ritz-Carlton қонақ үйі, Достық көшесі, 16.  Аккредитация press@nationalbank.kz поштасы арқылы жасалады).

АЛМАТЫ

09.30 – "Бақытты отбасы" отбасы соттарының жанындағы "Отбасын ресурстық қолдау орталықтарының ашылуы" әлеуметтік жобасының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел. Іс-шара спикерлері: "Дағдарыс орталықтары одағы" ЗТБ басқарма төрайымы Зульфия Байсақова, "Бақытты отбасы" әлеуметтік жобасының сарапшысы Эльвира Ватлина, "Құқықтық бастама" қоғамдық қорының менеджері (Тәжікстан) Мукарама Давлятова, Әйелдердің өзін-өзі тану орталығының сарапшысы  (Тәжікстан) Мукарам Муминжанова. ("Shera Park Inn" қонақ үйі, Қажымұқан көшесі, 49. Байланыс телефоны: +7 701 755 56 60).

14.30 – "Шелек фермерлері" жобасының бес жылдығына арналған баспасөз мәслихаты. Жоба ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіреді. (Қазақстан баспасөз клубы, Самал-2 шағын ауданы, 58, "САТТI" бизнес орталығы. Аккредитация:  +7 747 262 20 63 немесе akparat@pressclub.kz поштасы арқылы жасалады).

ШЫМКЕНТ

09.30 – 9-шы Орталық Азия сауда форумы. Халықаралық шараға Орталық және Оңтүстік Азия, Еуропа мен АҚШ-тың ірі компаниялары, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қатысады. (Rixos Khadisha қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 701 555 36 36).

13 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.30 – Бірінші Қазақстан-Италия бизнес форумы. Форум қатысушылары энергетика, жаңартылатын энергия көздері, мұнай-химия, өңдеу өнеркәсібі және АӨК саласындағы жобаларды дамыту мәселелерін талқылайды. Италияның Қазақстанда жұмыс істейтін кәсіпорындары тәжірибесімен бөліседі. Іс-шара Италия сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Нұр-Сұлтанға жұмыс сапары аясында жоспарланған. ("Astana Marriott Hotel" қонақ үйі. Аккредитация: nursultan.commerciale@esteri.it. Байланыс телефоны: +7- 701 999 72 57).

АЛМАТЫ

11.00 – Қазақстан қор биржасының (KASE) дәстүрлі ай сайынғы медиа-брифингі. Қазақстан қор нарығының жұмысы туралы статистикалық ақпарат пен валюта нарығына шолу ұсынылады. Спикер: KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк. ("Almaty Towers" көпфункционалды кешені, Байзақов көшесі, 280, KASE баспасөз орталығы. Аккредитация:  +7 (727) 237 53 42 немесе pr@kase.kz).

14 қарашаға жоспарланған шаралар  

АЛМАТЫ

11.00 – ТТ (Think Tank Club Aspandau) пікірталас клубы аясындағы сарапшылар отырысы. Тақырыбы: "Зейнетақы реформасы: табыс немесе күйреу?".  Спикерлер: экономист, Visor Kazakhstan басқарушы серіктесі Алмас Чукин, кәсіпкер, "Қазкоммерцбанк" АҚ бұрынғы басқарушы директоры және Deloitte & Touche серіктесі Бейбіт Апсенбетов, "SKYBRIDGE INVEST" АҚ басқарма төрағасы Шолпан Айнабаева. (Almaty қонақ үйі, Қабанбай батыр көшесі, 85. Байланыс телефоны: +7 (727) 327 10 05,  +7 707 327 10 01).

15 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

16 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - "Beautiful Korea. Dynamic Busan" атты кәріс халқының дәстүрлі өнер концерті. Ұйымдастырушы: Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы кәріс мәдениет орталығы. ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

20 қарашаға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Танымал италиялық "LA SCALA" театры жұлдыздарының қатысумен гала-концерт өтеді. Концерттің бағдарламасында Дж. Вердидің "Травиата", "Риголетто", "Трубадур", Ж. Бизедің "Кармен", Дж. Пуччининің "Қайғы", "Богема", Г. Доницеттидің "Махаббат сусыны", В. Моцарттың "Дон Жуан", Чайковскогодің "Евгений Онегин" операсы қойылып, танымал италиялық әндер орындалады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры).

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – Заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылады (Астана циркі, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0