НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Қазаақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) АҚШ-та өткен жекпе-жекте канадалық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
Отандасымыз АҚШ-тың Калифорния штатындағы Фресно қаласында өткен бокс кеші аясында сынға түсті.
Он раундтық жекпе-жекте Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен (24-2-1, 8 КО) қолғап түйістірді. Кездесуде Әлімханұлы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Алтыншы раундта техникалық нокаут болса, оның алдында нокдаунға жіберген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осылайша, Жәнібек кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, орта салмақтағы WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал Онолуносе кәсіби мансабында үшінші жеңілістің дәмін татты.