Қоғам

Семейде әуежай мен мектепке Абай есімі беріледі

Жазылу
Әуежайдың атауын өзгертуді қала тұрғындары ұсынған, ал облыстың ономастика комиссиясы шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы ономастика комиссиясының отырысында Семейдегі әуежай мен қалалық мектептердің біріне қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімін беру туралы шешім қабылданды. Облыстық мәслихат депутаттары да бұл шешімді қолдаған.

Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жолданды, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Келесі жылы қазақ халқы Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтеді. Айтулы датаға орай облыста бес жүзден астам іс-шара өткізу көзделген.

Сондай-ақ, облыстың ономастика комиссиясы бірқатар мектепке қазақтың басқа да көрнекті тұлғаларының есімін беру туралы шешім қабылдады.

Тағы оқыңыз: "Шошитын еді": Ұлы Абайдың ұрпағы елордада қалай тұрып жатқанын айтты

№ 2 орта мектеп Қаныш Сәтбаев, №3 мектеп-кешен Мұхтар Әуезов, №34 мектеп Бауыржан Момышұлы, №37 мектеп-гимназия Ыбырай Алтынсарин, №39 мектеп Әлихан Бөкейхан, №47 мектеп Ахмет Байтұрсынов, №49 мектеп Абай Құнанбайұлы, ал Пригород орта мектебі Жүсіпбек Аймауытовтың атымен аталады.

Жаңалықтар
0