Әлем

17 жыл сөйлемеген жігіт бір сұрақ қойып, бүкіл әлемге танымал болды – фото

CC0 / / Причины ухода детей, как правило, из неблагополучных семей – ссоры с родителями, нежелание проживать с ними из-за злоупотребления спиртными напитками, желание жить самостоятельно
Причины ухода детей, как правило, из неблагополучных семей – ссоры с родителями, нежелание проживать с ними из-за злоупотребления спиртными напитками, желание жить самостоятельно - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемнің түкпір-түкпірінен желі қолданушылары жігітке хат жазып, оған көмек көрсетуге дайын екенін білдіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша — Sputnik. Америкалық әйел Керри Блох пен оның аутизммен ауыратын ұлының оқиғасы көп адамның көңілін босатты, деп жазады Buzzfeednews.

Керри Twitter-ге 21 жастағы ұлының суретін жариялады. Ол көп жылдан бері сөйлемейді, бірақ таяуда тілге келген.

"Аутизммен ауыратын 21 жастағы ұлым сөйлеп үйренбеген. Бүгін ол маған алғашқы сұрағын қойды: "Мен біреуге ұнауым мүмкін бе?", - деп жазды әйел.

Керри оны 40 жасында туған. Төрт жасында Дэвидтің аутизммен ауыратыны анықталды, осы кезден ол сөйлеуді қойған. Кейін баланың иммунитеті нашарлап, ол үйде оқитын болды.

Дэвидтің анасы оның жалғызсырап, достары жоқ екеніне қатты алаңдап жүрген. Бірақ әйелдің әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар хат жазып, жігітке қолдау көрсетіп, сыйлықтар жіберіп жатыр.

Жаңалықтар
0