Оқиға

Жүйткіген көлік темірбетон қоршауға соғылды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевПлатные дороги в Казахстане
Платные дороги в Казахстане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші сот-медициналық тексеруден өткізілмек

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Nissan Primera көлігінің жүргізушісі Алматы-Қорғас тас жолында төлем қабылдау терминалынан жүйткіп өтіп, темірбетон қоршауға соғылып қалды.

Алтыншы қараша күнгі апаттың бейнежазбасын Қазавтожол баспасөз қызметі жариялады.

"Отыз жастағы ер адам Алматы-Қорғас ақылы тас жолында көлікті басқара алмай қалған. Ол төлем қабылдау пунктінен өтіп барып, темірбетон қоршауға соғылған. Бір жақсысы, жүргізуші машинада жалғыз болған, ешкім зардап шеккен жоқ, өзі де аман", - дейді Қазавтожол.

Полиция қызметкерлері ер адамды сот-медициналық тексеруге жіберіп, автокөлікті айыппұл тұрағына қойды.

Тағы оқыңыз: Студенттің аяғы жұлынып кеткен: полиция жол апатына қатысты түсініктеме берді

Жаңалықтар
0