Саясат

Өңіраралық ынтымақтастық форумы Қазақстанның қай қаласында өтетіні белгілі болды

© Photo : Официальный сайт президента РоссииПрезиденты Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин приняли участие в форуме межрегионального сотрудничества России и Казахстана
Президенты Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин приняли участие в форуме межрегионального сотрудничества России и Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Ресейдің XVIІ өңіраралық ынтымақтастық форумы 2020 жылы Көкшетауда өтеді, деді Қасым-Жомарт Тоқаев

ОМБЫ, 7 қараша — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы алдағы жылы Көкшетау қаласында өтетінін мәлімдеді.

Президент 2020 жылғы форумның тақырыбын жариялады.

"2020 жылғы форумның тақырыбын ұсынамын – экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық. Келесі форумды Қазақстанның Көкшетау қаласында өткізуді ұсынамын", - деді Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Осы орайда Ресейдің мемлекет басшысы Владимир Путин форумның тақырыбын қолдады.

"Келесі форум Көкшетауды өтеді. Біз оған келісеміз. Ұсынысыңызға және айтқан негізгі тақырыбыңызға алғысымызды білдіреміз", - деді ол.

Ресеймен шекарада жаңа өткізу пунктерін ашу қажет – Тоқаев 

Айта кетейік, 2003 жылы алғаш рет Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы өткен. Оған қос мемлекеттің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысқан. Осыдан соң, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшыларының өңіраралық ынтымақтастық форумында кездесуі дәстүрге айналды.

Жаңалықтар
0