НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Қазақстан-Ресей шекарасын делимитациялау процесі аяқталды, деп хабарлайды РИА Новости Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны межелеу аяқталды (ұзындығы – 7,5 мың километрден астам) ... Шекараны шегендеу, яғни демаркациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, бүкіл мемлекеттік шекараның 86,7%-ы белгіленген", - делінген материалда.
Еске салсақ, бейсенбі күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин Омбыдағы өңіраралық ынтымақтастық форумында кездеседі.
Тағы оқыңыз: Қазақстан-Ресей шекарасында балаға берілетін сенімхатты алып тастау ұсынылды