Қоғам

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалатыны белгілі болды

CC0 / pixabay.com / Күнтізбе
Күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметтің қаулысына сәйкес, Жаңа жылда қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады. Жексенбі, 5 қаңтар күні жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Қазақстан үкіметі 2020 жылы жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін демалыс күндерін ауыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесін бекітті.

Демалыс күні жексенбі, 5 қаңтардан жұма, 3 қаңтарға ауыстырылды. Яғни, қазақстандықтар Жаңа жылда 1, 2, 3, 4 қаңтар қатарынан төрт күн демалады. Ал 5 қаңтар, жексенбі жұмыс істейді. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 4 қаңтар да – жұмыс күні.

Сондай-ақ, мамыр мен желтоқсан айындағы демалыс күндері де өзгертілді.

Демалыс күндері:

  • дүйсенбі, 11 мамырдан жұма, 8 мамырға;
  • 2020 жылы жексенбі, 20 желтоқсаннан жұма, 18 желтоқсанға ауыстырылды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Жаңалықтар
0