Видео

Тәуекел Мүсілім сүйіктісімен некесін қиды: актердің таңдаған жары кім - видео

© Photo : "Все из-за мужиков" фильмінің ресми сайтыКадр из фильма "Все из-за мужиков"
Кадр из фильма Все из-за мужиков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Актер Тәуекел Мүсілім бір ай бұрын журналистерге сұхбат беріп, "үйленудің ауылы алыс емес" деген еді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім сүйіктісімен мешітте некесін қидырды.

Бұған дейін сері көпшілікке қырғыз қызы Айтұрған Мамайды қалыңдығы ретінде таныстырған болатын. Дегенмен олардың көңіл жарастыруы ұзаққа бармады, деп хабарлайды Revue бағдарламасы.

"Отыз жастан асқан шағына дейін өмірлік жарын іздеген Мүсілім үйленген сәтін жұрттан жасырып қалды. Актер бұл жайлы сәл кейірінек толық мәлімет беретінін айтты", - делінген ақпаратта.

Әйткенмен де, олардың мұсылмандық неке қидыру сәті әлеуметтік желіде тарап үлгерді.

Тәуекелдің жүрегін жаулаған Түктібаева Махаббат есімді ару. 24 жастағы бикеш Қарағанды медицина университетін дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұрымдының сән өнеріне қатысы бар болып шықты.

"Бұйырған күні бүкіл халық біле жатар", - дейді актер Тәуекел Мүсілім.

Тағы оқыңыз: Тәуекел Мүсілім Жанар Дұғаловамен қандай байланысы барын айтты

Жаңалықтар
0