Спорт

Бельгия соты Александр Винокуровты ақтап шығарды

© AP Photo / Laurent CiprianiАлександр Винокуров
Александр Винокуров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров қуанышты хабарымен әлеуметтік желіде бөлісті. Ол алдағы жоспарын да айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Жемқорлық бойынша істі болған "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров ақталып шықты.

"Мен бұл мәселеде нүкте қойылғанына, соттың әділ шешім шығарғанына өте қуаныштымын. Тек алға, болашаққа қараймыз. Біз биыл ең сәтті маусымға қол жеткіздік, бірақ алда тағы көп жұмыс пен жоспар бар. Әрі қарай еңбектенеміз", - деп жазды Винокуров Instagram-парақшасында.
View this post on Instagram

A post shared by Alexandr Vinokurov (@alexandrvinokurov) on

Велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен ресейлік Александр Колобнев алты айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Бельгия прокуратурасы Винокуровты Колобневке 150 мың еуро төледі деп айыптаған болатын. Қазақстандық велошабандоз бұл ақшаны қарсыласына 2010 жылы Льеж-Бастонь-Льеж жарысының мәресінде әдейі жеңілгені үшін берді деген еді. Іс бірнеше жыл қаралды. Екі айыпталушы да жарыс нәтижесі туралы келіскені жайлы ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарды.

Нәтижесінде Бельгия соты дәлелдің жоқтығынан Винокуров пен Колобневті ақтап шықты.

Тағы оқыңыз: Карьерасын аяқтаған танымал қазақстандық спортшылар қазір қайда жүр?

Жаңалықтар
0