Видео

Құнанбай қажылыққа аттанған: Қазақстандағы ежелгі мешіт туралы не білеміз?

Жазылу
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында еліміздегі ежелгі мешіттің бірі – Тыныбай Қаукенов мешіті орналасқан. Оның негізі 1836 жылы қаланды

Алла үйін өңірдегі танымал көпес Тыныбай Қаукенов өз қаражатына салған.

Мешіттің іргетасы тастан қаланса, қалған бөлігі ағаштан тұрғызылыпты. Ғимарат талай тариғи оқиғаның куәсі болған. Бұл мешітпен қатар шаһарда екі шіркеу салынған екен, бірақ соғыс жылдары оларды өртеп жіберген.

Семей тұрғындары ағаш мешітті сақтап қалу үшін біраз тер төкті. Тарихшылардың айтуынша, кеңес заманында бұл мінәжат ететін орынды жаппақшы болған. Бірақ бір оқиға оны сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жергілікті емшілердің біреуі облыстық комитет басшысының шығып кеткен сүйегін орнына салып, оның алғысына бөленеді. Риза болған басшы емшінің кез келген тілегін орындауға ниет танытыпты. Ал дәрігер мешітті жаппауды өтінген.

Тағы оқыңыз: Жұма намазын оқып жатқан 30 адам қаза тапты

Бұл ежелгі мешіттен қазақтың ұлы ақыны Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы мен інісі Шәкәрім Құдайбердіұлы қажылыққа аттанған.

Алла үйінің салынғанына 2 ғасырға жуық уақыт өтсе де, бұл жерге жамағат әлі күнге дейін жиі келеді.

Жаңалықтар
0