НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша — Sputnik. Көпшіліктің сынына ұшырап, ашуын тудырған Мәншүк Мәметованың ағаш мүсіні қаладағы саябақтан алынып тасталды.
Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың мүсіні ағаштан ойып жасалып, қаладағы саябаққа қойылған еді. Алайда бұл туынды әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Жұрт мүсіннің Мәншүк Мәметоваға мүлдем ұқсамайтынын айтып, алып тастауды талап етті.
"Талантты суретшілеріміз бар емес пе? Олар қайда? Бұл жобаларды кім бекітеді? Деңгейлері төмен екен", - деп жазды желі қолданушылары.
Ағаш шеберлері мүсінді жасауға алты күн кеткенін айтады. Халықтың сынына ұшыраған мүсіннің авторы Юлия Куртунова мен оның күйеуі Иван.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бізді адамдар ақша қар мен мыстан кемпірді жасап жатыр деп ойлайды. Бірақ біз Мәншүк Мәметованы жасаудамыз. Ол – Кеңес одағы батыры атағын алғашқы болып алған қазақ қызы. Менің ойымша, оның ескерткіші осы жерде болуы тиіс", - дейді Куртунова Arnapress.kz басылымына берген сұқбатында.
Тағы оқыңыз: Сәкен Сейфуллинге қатысты алыпқашпа әңгімеге нүкте қойылды
Семей қаласының әкімдігі халықтың сынына ұшыраған мүсінді басқа жерге көшірмек болды. Бірақ оны мүлдем жою керек деген шешім қабылдаған. Көпшіліктің ашуын тудырған скульптураның 3 қарашада жойылды.
Қала билігі мүсінді жасаған шеберлермен байланысты үзуді жоспарлап отырған жоқ.