НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Желіде Маңғыстаудағы Солтүстік Бозашы мұнай-газ кенішінде ереуіл болғаны туралы жазылып жатыр. Buzachi Operating Ltd компаниясы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Лада.
Интернет қолданушылар арасында жұмысшылардың топталып тұрғаны түсірілген видео таралып кетті. Кадр сыртындағы дауыс қызметкерлердің жалақы мөлшеріне наразы екенін айтады.
"Әлеуметтік желілерде және интернетте таратылған Солтүстік Бозашы кенішіндегі ереуіл туралы ақпарат жалған. Филиалдағы жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр", - деді Шаою.
"Тумба" басылымы 31 қазанда Солтүстік Бозашы кен орнында шамамен 180 жұмысшы жалақыны 100 мың теңгеге (шамамен 257 доллар) арттыруды талап еткенін жазды. Бұл кен орны қытайлық серіктес компаниялардың басқаруымен пайдаланылып жатқаны аталып өткен.
Тағы оқыңыз: "Бас тарта алмаймыз". Вице-премьер Қытаймен бірлескен 55 жоба туралы айтты
Қазақстанда 2 425 компания шетелдіктерді жұмысқа тартады. Бұған дейін Еңбек министрлігі жұмыс берушілер тең еңбек жағдайын жасап, Қазақстан азаматтары мен басқа елдердің жұмысшыларына бірдей жалақы төленуі керек деп мәлімдеген болатын.