Мәдениет

Мәскеудегі "Современник" театрында қазақша спектакль қойылды

© Photo : посольство Казахстана в РоссииСпектакль о жизни и творчестве поэтессы Фаризы Онгарсыновой
Спектакль о жизни и творчестве поэтессы Фаризы Онгарсыновой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кешті Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов ашты. Ол ұзақ жылдар бойы қазақ ақыны Фариза Оңғарсыновамен жақын араласқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша — Sputnik. Мәскеудегі "Современник" сахнасында "Фариза" спектаклі қазақ тілінде қойылды, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

Шара Қазақстанның Ресейдегі күндері аясында ұйымдастырылды.

Мәскеу театрының сахнасында қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы сахналанды. Спектакльдің режиссері – Фархат Молдағали, пьеса авторы – Роза Мұқанова.

© Photo : посольство Казахстана в РоссииАқын Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы спектакль
Мәскеудегі Современник театрында қазақша спектакль қойылды - Sputnik Қазақстан
Ақын Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы спектакль

Қойылым қазақ тілінде сахналанды. Сондай-ақ орыс тілінде де аудармасы болды.

"Мен Фариза Оңғарсыновамен жай ғана таныс болған жоқпын. Ұзақ жылдар бойы оның жанында болып, жақын араластым. Ол ешкімге ұқсамайтын, рухани жан дүниесі бай, өте әділ, қуатты көркем сөзбен қаруланған мықты адам еді", - деді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов.

Ол спектакльді қояюға көмектескені үшін "Современник" театрының көркемдік жетекшісі Галина Волчекке және мекеме директоры Игорь Поповқа шексіз алғысын білдірді.

Пьесада басты рөлді Назгүл Қарабалина сомдады. Ол Фариза Оңғарсынованың поэзиясын аударма арқылы жеткізу мүмкін еместігін атап өтті.

"Ол қарапайым адамдарды жақсы көріп, оларға көмектесуге тырысатын. Шындықты бетке тура айтатын. Қазір біз мұндайды кездестіре бермейміз. Сонысымен ерекше еді", - дейді әртіс.

Спектакльдің көркемдік жетекшісі Шара Айдарова қазақ ақынының шығармашылығын жоғары бағалады.

"Оның өлеңдері драматизмге, экспрессивтілікке толы", - деді ол.

Ресей көркемөнер академиясының вице-президенті Анатолий Любавин қойылымды әдейі қазақ тілінде тамашалағанын жеткізді.

"Керемет. Аудармасыз-ақ барлығы түсінікті. Себебі, махаббатты аударудың қажеті жоқ. Спектакльдің соңында көз жасыма ерік бердім", - деп Любавин ағынан жарылды.

Сондай-ақ бұл спектакльді көру үшін Константин Параскевопулос есімді көрермен Грекиядан арнайы келген.

"Менің туған жерім Қазақстан. Балалық шаққа саяхат жасап, бақытты сәттерімді есіме алдым", - деді ол.

Жаңалықтар
0