Қоғам

"Заң жобасында көрсетілді": жемқорлыққа жол берген басшылар қалай жазаланады?

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша, теңге, архивтегі сурет
Ақша, теңге, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң жобасы мемлекет басшының қол қоюына жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жемқорлық үшін басшылардың жауапкершілігі күшейетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біріншіден, қол астындағы қызметкерлердің жемқорлық жасағаны үшін мемлекеттік орган басшылары отставкаға жіберіледі. Осы норма соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қолданылатын болады. Екіншіден, қызметкерлер арасында жемқорлықтың алдын алуды дұрыс ұйымдастырмағаны үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор басшыларының жеке жауапкершілігі енгізіледі", - деді Шпекбаев агенттіктің алқа мәжілісінде.

Бұдан бөлек, нормативтік актілерді жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізудің арнайы тәртібі болады. Оған қоғам өкілдері мен сарапшылар қатысады.

"Осы үш бастама мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң жобасында көрсетілген. Ол құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді. Жақын күндері заң жарияланады деп ойлаймын. Сөйтіп, біз өз жұмысымызды бастаймыз", - деп атап көрсетті Шпекбаев.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында шенеуніктің пара алған сәті видеоға түсіп қалды

Оның айтуынша, агенттік құқық қорғаушылар мен судьялардың жауапкершілігін де күшейтуді көздейді. Осы орайда ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмыс үшін мерзімінен бұрын босату шарасын қолдануды шектеуге қатысты нақты ұсыныстар бар.

Жаңалықтар
0