Қоғам

Ұйқастырып қоюға тырысады: қазақтар егіздерге қандай ерекше есім таңдайды?

CC0 / pixabay.com / Девочки-близнецы
Девочки-близнецы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәбиге көркем, құлаққа жағымды ат қою – әрбір ата-ананың міндеті. Әсіресе, егізге есім қою ерекше жауапкершілікті талап етеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақ халқы шыр етіп дүниеге келген сәбидің атын қоюға ерекше мән береді. Әсіресе, ата-ана шаңырақта егіз нәресте өмірге келгенде қатты қуанып, оларға ең жақсы есім беруге тырысады. Sputnik Қазақстан тілшісі егіздерге қандай есім қоюға болатынын біліп көрді.

Азан шақыру

Жаңа туған егіз болашақта сыйлы, құрметті азамат болсын деген ниетпен ата-анасы жасы үлкен, қадірлі адамға ат қоюға қолқа салады. Ағайын-туыс жиналып, есім беретін азамат сәбилерді қолына алып, "Аллаһу әкбар" деп азан шақырады. Нәрестелердің оң құлағына аттарын үш рет қайталайды. Бұл баланың есімі есінде қалсын, құлағына сіңсін деген ниетпен жасалады. Әдетте ата-аналар егіздің есімдерін ұйқастырып қоюға тырысады.

Егіз ұлға қойылатын есімдер

Абылай – Ыбырай, Айдын – Айқын, Ерасыл – Нұрасыл, Нұржан – Ержан, Нұрбек – Айбек, Ерболат – Айболат, Нұрсұлтан – Бексұлтан, Ердәулет – Нұрдәулет, Досым – Қасым, Досымжан – Қасымжан, Тұрсынбек – Мырзабек, Әлихан – Әлижан, Аман – Есен, Асыл – Арман, Әзілхан – Әуезхан, Қанағат – Рақым, Дархан – Елхан, Кемеңгер – Мұрагер, Әлібек – Әлішер, Сағындық – Қуандық, Болат – Жанат, Аслан – Жасұлан, Шәміл – Шәмші, Ердәулет – Бақдәулет, Асан – Үсен, Рахман – Рахым, Азамат – Самат, Ұлан – Нұрлан, Жанарыс – Бекарыс, Серік – Берік, Ғабит – Сәбит, Санжар – Қайсар, Бауыржан – Бақытжан, Айдос – Жандос, Алдияр – Данияр, Арнұр – Ернұр, Ерасыл – Нұрасыл, Нұрбек – Нұрзат, Даниял – Данияр, Мадияр – Алдияр, Әмірбек – Мейірбек, Айтуған – Күнтуған, Күнсұлтан – Айсұлтан.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда сирек қойылатын есімдердің тізімі жарияланды

Егіз қызға арналған есімдер

Айман – Шолпан, Айсара – Нұрсара, Ақерке – Назерке, Айсұлу – Нұрсұлу, Қарлығаш – Сандуғаш, Асылзада – Бекзада, Гауһар – Кәусар, Нұрзада – Гүлзада, Әлия – Ғалия, Әмина – Кәмила, Айкөркем – Айжұлдыз, Қарақат – Перизат, Әлима – Әзиза, Айжамал – Нұржамал, Жанерке – Ақерке, Фариза – Марфуға, Айнұр – Гүлнұр, Альмира – Гүлмира, Гүлназ – Ділназ, Аружан – Асылжан, Ақтоты – Ақбота, Айғаным – Айзере, Нұргүл – Гүлнұр, Сәбина – Мәдина, Кәмшат – Гүлшат, Қымбат – Сымбат, Тоғжан – Айжан, Арай – Нұрай, Ләззат – Перизат, Рәбиға – Сәбира, Інжу – Маржан, Аягөз – Ботагөз, Іңкәр – Кәусар, Ұлдана – Нұрдана,Сара – Сая.

Егіз ұл мен қыз есімдері

Айдын – Толқын, Ғани – Ғайни, Ханзада – Нұрзада, Қайсар – Кәусар, Әсет – Әсем, Парасат – Қарақат, Азат – Гүлзат, Ержан – Гүлжан, Қанат – Жанат, Ерасыл – Гүласыл, Бекзат – Асылзат, Нұртай – Нұрай, Бағым – Назым,Асылбек – Асылай.

Жаңалықтар
0