Оқиға

Тараздағы балалар үйінде түсірілген жаға ұстатарлық видео: оқиға немен аяқталды?

© Photo : Anita S.Мальчик закрывает лицо, иллюстративное фото
Мальчик закрывает лицо, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты. Оған балаларға қатыгездік танытты деген айып тағылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан — Sputnik. Таразда "Үміт" балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты. Оған балаларға қатыгездік танытты деген айып тағылған болатын. Әелге 202 мың теңге айыппұл салынып, уақытша қызметінен босатты, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл іс Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша ("Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндетерді орындамау") тергелді. Оның аясында айыппұл немесе қоғамдық жұмысқа тарту шарасы қолданылады.

Еске сала кетсек, тәрбиешінің балаларға қатыгездік танытқан видеосы әлеуметтік желіде қазан айының басында жарияланып, қоғамдық резонанс тудырды. Кадрдағы әйел балаларды ұрып-соғып, орындыққа отыруға рұқсат бермейді. Ол балалардың біреуін басын төмен қаратып ұстап тұрды.

Тағы оқыңыз: Енесінің қорлығына төзе алмаған келін көпірден секіріп кетті: оқиғаның мән-жайы

Мекемеге көрші тұратын куәгерлердің айтуынша, балалар үйінің ауласынан тәрбиешілердің айқайы мен балалардың жылаған дауысы үнемі естіліп тұрады екен.

Тәрбиеші үш жасар баланы да ұрып-соққан. Дәрігерлер бүлдіршінді тексерген, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Кейін педагог жүйке жүйесі жұқарғанын айтып, өз кінәсін мойындады. Әріптестері оның мекемеде отыз жыл бойы жұмыс істегенін айтты.

Жаңалықтар
0