Өңірлер

Шымкентте атыс болды – полиция оқиға орнын қоршап алды

CC0 / Fernando De Lima / Мужчина с ружьем, иллюстративное фото
Мужчина с ружьем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға 29 қазан күні сағат 17:30-да Арғынбеков көшесінде болды. Дәмхана аумағын Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушілері қоршап алды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан — Sputnik. Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болды. Күдіктілер қаруды оқиға маңына жақын жерде лақтырып кеткен, деп хабарлайды жергілікті Otyrar басылымы.

Басылымның хабарлауынша, куәгерлер екі адамның оқ атқанын айтқан. Олар қаруды оқиға орнына жақын маңдағы жерге лақтырып кеткен.  

Оқиға сағат 17:30-да Арғынбеков көшесінде болды. Дәмхана аумағын Абай аудандық полиция бөлімінің тергеушілері мен криминалистері қоршап алды.

"Дәмхана маңында екі көлік: Toyota Camry 70 пен Lexus RX 350 тұрды. Көліктердің бірінде полицейлер теңге және доллармен қомақты ақша тапты", - деп жазады Otyrar.

Жергілікті БАҚ оқиға салдарынан екі адамның қаза болғаны хабарлады. Кейін прокуратура бір адам көз жұмды деген ақпарат берді. 

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда көшенің қақ ортасында атыс болды

№1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына төрт адам жеткізілді. Төртеуіне де бірнеше жерден оқ тиген.

Ұсталғандар бар.

Жаңалықтар
0