НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан — Sputnik. Қостанай қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметінің бастығы бірнеше мәрте пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше мәрте пара алды деген күдік бойынша Қостанай қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің басшысы,иполиция подполковнигі Байжановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
"Ол Кравчуктың көмегімен Манукян, Гребенюк, Егиазарян, Закоян мен Махмадовтан жалпы қамқорлығы, шетелдіктерді кедергісіз тіркеу мен оларға елде тұруға ықтиярхат рәсімдеу үшін 3 миллион 10 мың теңге сомасында жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады агенттік.
29 қазандағы Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Байжанов 6 жылға сотталды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу және арнайы атақ-шен алу құқығынан өмір бойына айырылды.
Тағы оқыңыз: Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер?
Осы үкіммен Кравчук 4 жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара берушілер Манукян, Гребенюк, Егиазарян, Закоян және Махмадовқа берген параның он еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.