Өңірлер

Ордабасы тұрғыны көшеде келе жатып, ұрланған көлігін танып қойды  

Жазылу
Жәбірленушінің "Мерседес" маркалы автокөлігін белгісіз біреулер айдап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы көлемі – 800 мың теңге

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлап, оған басқа нөмір тағып айдап жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсіреді. Ол түнгі уақытта үйінің ауласында тұрған "Мерседес" маркалы автокөлігін белгісіз біреулер айдап кеткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 800 мың теңге болды. 

Тағы оқыңыз: Көлігін ұрлағалы жатқанын көрген жігіт тыр жалаңаш үйінен атып шықты  

Қылмысты ашу мақсатында Ордабасы полицейлері жедел іздестіру жұмыстарын бастады. Тәртіп сақшылары 3 күннен кейін күдіктіні Шымкент қаласында ұстады. 

"Жәбірленуші көшеде кетіп бара жатқан бірнеше көліктің арасынан мемлекеттік нөмірі өзгертілсе де, өз көлігін танып қалады. Полицейлер көлікті тоқтатып, жүргізушіден жауап алу барысында оның іздестіріліп жүрген күдікті екенін анықтайды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты", – деп жазылған хабарламада.

Күдікті полицейлерге берген жауабында көліктің кілтімен тұрғанын көріп, ауладан итеріп шығарып, айдап кеткенін мойындаған.

Жоғалған көлік айғақ зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. 

Тергеу барысында күдікті сыбайласымен бірге мал ұрлығын жасағаны анықталды. Күдіктілер жәбірленушінің қазыққа байланып тұрған бұзауын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 110 000 теңгені құраған. Күдіктінің айтуымен сыбайласы да ұсталды.

Жаңалықтар
0