Саясат

Израиль Қазақстандағы елшілігін жапты

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуФлаг Израиля. Архивное фото
Флаг Израиля. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл кезеңде Израильдің шетелдегі елшіліктері мен консулдықтарында азаматтарға ешқандай қызмет көрсетілмейді, дипломатиялық өкілдіктерге кіруге тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Израиль өзінің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғанын мәлімдеді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі хабарлады.

"Израиль қаржы министрлігінің 2019 жылдың 21 шілдесінде Қаржы министрлігінің бас директоры қол қойған келісімдерді бұзу және Израиль мемлекетінің шетелдердегі өкілдеріне бұрыннан қалыптасқан тәртіпті өзгертетін процедураны біржақты қолдану туралы шешіміне байланысты Израильдің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерін жабуға мәжбүрміз", - деп хабарлады Израиль сыртқы істер министрлігі.

Мемлекет елшіліктерде және консулдықтарда азаматтарға қызмет көрсетуді тоқтата тұратыны аталып өткен.

"Біз Израиль мемлекетінің халықаралық мәртебесі мен күшін нығайту үшін тұрақты және күнделікті жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке қарай, қаржы министрлігі бізге басқа таңдау қалдырмады, өйткені оның әрекеті бұл жұмыстың табысты болуына қажетті құралдарға нұқсан келтіреді", - деп жазылған ресми түсініктемеде.

Израиль сыртқы істер министрлігі мәселе жақын арада шешіледі деп үміттенеді.

"Бұл Израиль елшіліктерінің жаһандық ереуілі. Қазір олар жұмыс істемей тұр. Израильдің ішкі саясаты осындай. Елшіліктер азаматтарды қабылдамайды, төтенше жағдайлар болып қалмаса", - деп мәлімдеді еврей орталықтарының бірінің өкілі.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Израиль премьер-министрімен не жайлы сөйлесті

"Сохнут" дүниежүзілік еврей агенттігі жағдайдан хабардар, бірақ түсінік беруден бас тартты.

"Біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, ал елшілікке қатысты айтсақ, бұл олардың шешімі, талқыланбайды", - деп түсіндірді ұйым.

Sputnik Қазақстан тілшілері Израильдің Нұр-Сұлтандағы елшілігіне және Алматыдағы консулдығына хабарласа алмады: жұмыс телефондары жауап бермейді, баспасөз хатшыларының ұялы телефондары өшірулі.

Жаңалықтар
0