Әлем

Өмір бойына түрмеге қамалған қылмыскер күтпеген жерден бостандыққа шықты

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивное фото заключенного
Архивное фото заключенного - Sputnik Қазақстан
Жазылу
31 жастағы ер адам балаларға азғындық жасап, зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. АҚШ-тың Джорджия штатында бала зорлады деген айыппен өмірбақи бас бостандығынан айырылған ер адам қателік салдарынан бостандыққа шықты, деп хабарлайды Fox телеарнасы.

Джорджия штатына қарасты түзету мекемесі 25 қазанда сотталушы Тони Майкон Мунос-Мендестің (Tony Maycon Munoz-Mendez) "қателік салдарынан бостандыққа шыққанын" хабарлаған. Ол жазасын Рейдсвилл қаласындағы түрмеде өтеп жатыпты.

Қылмыскер 2010, 2012 жылдары балаларға азғындық жасап, зорлағаны үшін темір торға тоғытылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Тағы оқыңыз: Павлодарлық педофил жантүршігерлік қылмысы туралы айтты

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары 31 жастағы қылмыскерді іздеп жатқаны белгілі.

Жаңалықтар
0