НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Қырғызстанның "Тазалық" кәсіпорнының баспасөз хатшысы футбол дегенде ішкен асын жерге қоятын қызметкердің видеосын жариялады.
Лейла Касько бұрын футболмен сегіз жыл бойы кәсіби тұрғыда айналысқан. Футболдан елдің құрама командасының мүшесі болыпты. Ол қазір де біліктілігін жоғалтқан жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Тағы оқыңыз: Аңызға айналған футболшы физика заңын "бұзатын" голын қайталады – видео
Соңғы он жыл бойы ол қала орталығындағы көшелерді тазалайды. Мюнхен қаласындағы "Бавария" неміс футбол клубының жанкүйері.