Экономика

Назарбаевтың шетелдік сапарларына қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды

© Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуПрезидент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев идет по трапу самолета, архивное фото
Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев идет по трапу самолета, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бюджетте барлық мемлекеттік қызметшінің сапарларына қаржы қарастырылған. Олардың қатарына мемлекет басшысы мен үкімет басшысы да кіреді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Елбасының шетелдік сапарларына бөлінетін қаржының көлемін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бюджеттік төлемдердің бәрі заң аясында жасалады. Себебі "Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы туралы" арнайы заң бар. Ал Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясын басқарып отырғаннан кейін елдің атынан шетелдік сапарларға шығып тұрады.

"Мәселен, жақында ғана Елбасы Баку қаласында болып, түркі тілдес елдердің саммитіне қатысты. Жапонияға барды. Сол жақта жаңа императордың таққа отыру рәсіміне қатысты. Тұңғыш президент туралы заңға сәйкес, осы сапарлардың барлығына бюджет қаражаты қарастырылған", - деді Тілеуберді журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, бюджетте барлық мемлекеттік қызметшінің сапарларына қаржы қарастырылған. Олардың қатарына мемлекет басшысы мен үкімет басшысы да кіреді.

"Бүгінде арнайы кесте бар. Онда төлемдердің лимиті көрсетілген. Шамамен 100 доллар (бір тәулікке төленетін іссапар ақысы – Sputnik). Еуропа елдерінде күнкөріс деңгейі жоғары, ол жақта 100 доллар болса, Азия мемлекеттерінде – 80 доллар", - деп атап көрсетті Тілеуберді.

Тағы оқыңыз: Желіде Назарбаевтың денсаулығына қатысты мәлімет жарияланды

Айта кетейік, жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысып қайтты. Салтанатты шара Император сарайында өтті. Қазақстанның тұңғыш президенті фрак киіп барды.

Назарбаев Токионың әкімшілік ауданында тұрды. Ал бос уақытында Минато ауданының көшелерімен серуендеді.

Жаңалықтар
0