Оқиға

Америкалық отбасы 17 жыл бұрын Қазақстаннан асырап алған бала көз жұмды

CC0 / / Молодой мужчина сидит на полу, иллюстративное фото
Молодой мужчина сидит на полу, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала кезінде америкалықтар асырап алған жігіт биыл 1 қыркүйекте үйінде көз жұмды. Қайғылы оқиғаның себебі айтылмай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Америка Құрама Штаттарында сәби кезінде америкалық отбасы Қазақстаннан асырап алған жігіт көз жұмды. Бұл туралы The Martha's Vineyard Times жергілікті басылымы хабарлайды.

Он сегіз жастағы Дэвин Айсұлу Такабери Массачусетс штатының мектебінде 12 сыныпта оқып, Вест-Тисбери елді мекенінде тұрды. Оның достары көп болған, әрі қазақ диаспорасымен байланыс орнатқан екен.

Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанайда туған. Америкалықтар оны бір жас екі айында асырап алыпты.

Ол гимнастика, би және сурет салумен айналысқан. Фотография саласында да жетістіктерге жетті. Дэвин 2018 жылы екі алтын және бірнеше күміс награда иеленіп, Нью-Йоркке Scholastic Awards сыйлығын алуға шақырылды. Оның еңбектері Martha's Vineyard Times және Martha's Vineyard Gazette сияқты басылым беттерінде жарияланды.

CC0 / Martha`s Vineyard Regional High School / Дэвин Такаберидің туындысы
Америкалық отбасы 17 жыл бұрын Қазақстаннан асырап алған бала көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Дэвин Такаберидің туындысы

Дэвин трансгендер болған. Ол ЛГБТК (лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер мен квирлер) қауымдастығы атынан мұғалімдер және студенттермен өтетін қоғамдық пікірталастарға қатысқан.

Жігіттің отбасы баласының құрметіне Дэвин атындағы шәкіртақы тағайындау үшін жәрдем жинауда. Олар стипендияны жергілікті мектептің оқушыларына фотография мен бейнелеу өнеріндегі жетістіктері үшін бермек.

Жаңалықтар
0