НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Әлемдегі ең қорқынышты квесттің авторы Расс Маккейми ерекше байқау жариялады. Ол квесттен өткен адамға 20 мың доллар (8 миллион теңгеге жуық) төлеуге әзір, деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ-тың Теннеси штатындағы экстремалды аттракцион иесі үйде әлі бірде-бір адам кем дегенде бір түн өткізе алмағанын айтады.
Квест тақырыбына сәйкес экстримді ұнататындар өрмекші, елес және түрлі құбыжықтармен кездесуі мүмкін. Шынайы болғаны соншалық адамдар үйден қашып шығады екен.
Тағы оқыңыз: Баланың төсегіндегі "елес" әйелдің зәресін ұшырды – фото
Байқауға қатысушының жасы 21-ден асуы тиіс. 40 парақшада жазылған келісімге қол қою керек. Сондай-ақ, психиатр мен нарколог маман анықтамасы қажет. Бұдан бөлек видео сынақ жасалады.
Бастысы, ойын кезінде айғайлауға, боқауыз сөз айтуға, тығылуға, заттар мен актерлерді ұстауға болмайды. Бұл ереженің біреуі бұзылса, қатысушы ақшалай сыйлықтан қағылады.