НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, жел күшейіп, тұман түседі.
Өңірлердегі ауа райы
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар өңірлерінде жел күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарында да 15-20 м/с жел болады.
Атырау облысында тұман түседі.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, 15-20 м/с, кей жерлерде секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Қарағанды облысында тұман күтіліп отыр.
Дабылды ескерту
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан өңірлері мен астанада дабылды ескерту жарияланды. Желдің екпіні 28 м/с-ке дейін жетеді. Дабыл ықтималдылығы – 90-95 процент.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада күндіз жаңбыр жаууы мүмкін, 10-12 градус жылы, түнде +6, +8 градус болады.
Дүйсенбі күні Алматыда жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы 19-21 градус, түнде +6.
Шымкент қаласында да жауын-шашынсыз болады. Күндіз 20-22 градус, түнде 6-8 градус жылы.