НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакованы құттықтады.
"Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда танымал жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакова тамаша көрсеткішпен алтын медальге ие болды. Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі,биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың,тек алға", - деп жазды президент Twitter-парақшасында.
Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда танымал жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакова тамаша көрсеткішпен алтын медальге ие болды. Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі,биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың,тек алға! https://t.co/8DMuanXe8O
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 26 октября 2019 г.
Айта кетсек, қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда үш қарғып секіру жарысында 14.19 метрге секіріп, үздік нәтиже көрсетті. Екінші орында 13.78 метрді бағындырған италиялық Оттавией Цестонаро, 13.54 метрге қарғыған Доминикан спортшысы Люсии Хосе Тим үшінші орынға ие болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ольга Рыпакова Лондонда Олимпиадасында (2012) алтын, Пекин Олимпиадасында (2008) күміс, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарын (2016) қола медаль алған болатын.