НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Әлеуметтік желіде үйлену тойында болған жаппай төбелестің видеосы тарап кетті. Оқиға Қырғызстанда болды деген болжам жасалып отыр.
"Короче" telegram-каналы тойда болған төбелестің екі видеосын жүктеді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Кадрдегі адамдардың қырғыз тілінде сөйлегені естіледі. Желі қолданушыларының бірі оқиға Ошта, енді бірі Жалал-Абадта болды деген пікір білдірді.
Тағы оқыңыз: Ешкім күтпеген: жас жұбайлардың үйлену тойы трагедиямен аяқталды – фото
Ош қаласының ішкі істер басқармасының мамандары мұндай ақпарат түспегенін айтты. Милиция видеоны тексеріп, мән-жайды анықтап жатыр.