Әлем

Спортшы қыздың хиджабы ұшып кетті: қарсыластарының әрекеті жұртты таңғалдырды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуФутбол
Футбол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Иорданияда Батыс Азия әйелдер чемпионатында түсірілген видеоны твиттерде екі жарым миллион рет көрген

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Әйелдер арасында футбол чемпионаты кезінде ойыншы қыздың хиджабы ұшып кетті. Бұл кезде қарсылас команданың ойыншылары оны қоршап алды, қыз асықпай орамалын тақты. Көрермендер қыздардың бұл әрекетіне ду қол шапалақ ұрды, деп хабарлайды Eurosport.

Twitter-де жарияланған бұл видеоны екі жарым миллион рет көрген. Бәрі қыздардың әрекетін қолдап, жазба қалдыруда.

Тағы оқыңыз: Сәлемдесу кезінде қулыққа барған спортшы қыз оңбай таяқ жеді – видео

Оқиға Иорданияда Батыс Азия әйелдер чемпионаты кезінде болған.

Жаңалықтар
0