Экономика

Беларусь Алматы облысында сүт фермасын салады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото коров на ферме
Архивное фото коров на ферме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сүт-тауарлы ферма ашу бойынша жұмыс 2020 жылы басталады, деп хабарлады Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Беларустің ауыл шаруашылығы министрліктері Алматы облысында сүт-тауарлы ферма салуға келісті. Бұл туралы Ақорда кулуарында еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.

"Біз кеше әріптесім – Беларусь ауыл шаруашылығы министрімен кездесіп, ведомстволар арасындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысын өткіздік. Алғашқы нәтижелер – ветпрепараттар шығаратын зауыт құрылысы туралы меморандумға қол қойылды. Екінші келісіміміз – Алматы облысында сүт-тауарлы ферма салынатын болды", - деді Омаров Sputnik Қазақстанға.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, қазақстандық мамандар технологиямен танысу үшін енді Беларуске барып тұрады.

Жоба бойынша жұмыс 2020 жылы басталады.

Тағы оқыңыз: Лукашенко Тоқаевтың саясаты қандай екенін айтты

Еске салсақ, Беларусь президенті Александр Лукашенко кешеден бері Қазақстанда ресми сапармен жүр. Бүгін ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер өткізеді. 

Жаңалықтар
0