Әлем

Жүк көлігінен табылған 39 адамның неден өлгені анықталды

© REUTERS / Neil HallСпасатели на месте наезда фургона на людей в Лондоне
Спасатели на месте наезда фургона на людей в Лондоне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
40-қа тарта адам мұздатқыш камерада қамалып отырған, оның ішіндегі ауа температурасы минус 25 градусқа жеткен

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Ұлыбританияда Эссекс графтығында полиция жүк көлігінен 39 адамның мәйітін тапты.

Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, 39 адам ауа температурасы минус 25 градусқа жеткен мұздатқыш камераға қамалып отырған, оның ішінде кәмелетке толмаған бір бала болған.

Басылым атап өткендей, контейнердегі адамдар айқайлап, көмек сұраған болуы мүмкін. Дегенмен тоңазытқыш қабырғаларының қалыңдығына байланысты олардың айқайы естілмеген болса керек.

Барлық 39 адам үсіп өлген. Қаза болғандар мигранттар деген болжам жасалуда.

Тағы оқыңыз: Тоңазытқышқа тығылып, шыға алмаған: ағалы-інілі балалар көз жұмды 

Қазіргі таңда жергілікті полиция марқұмдардың кім екенін анықтап жатыр. Жүк көлігі Ұлыбританияға Болгариядан келгені белгілі болды.

25 жастағы фураның жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды. Полицияның мәліметінше, жігіт Солтүстік Ирландияның тумасы.  

Жаңалықтар
0