Аңдатпа

Қазақстанда 25 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуМузыканты
Музыканты  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 25 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 26-31 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

25 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - DIGITAL BRIDGE халықаралық технологиялық форумның ашылуы. Digital Bridge — интернет-компаниялар, технология саласындағы кәсіпкерлер, венчурлық инвесторлар, бизнес "періштелер", мемлекеттік органдар, корпорациялар, IT-мамандар, блогерлер мен сандық БАҚ өкілдеріне арналған жыл сайынғы шара. Негізгі мақсат - IT-технологиялар саласында өзара тәжірибе алмасып, Орталық Азияның басқа елдермен арадағы цифрлық көпірін орнату. (Astana IT University, С1 павильоны. Байланыс телефоны: +7 701 720 58 11).

10.00 – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Алекстандр Лукашенкомен кездеседі (Ақорда. Байланыс телефоны: +7 701 996 66 33, +7 (7172) 74 40 85)

19.00 – Voice оf Nur-Sultan" эстрада әншілерінің халықаралық фестивалі. Фестивальге Қазақстан, Ресей, Болгария, Украина, Грузия, Португалия, Қытай, Әзірбайжан өнерпаздары қатысады. Фестивалдің хэдлайнері ретінде Қазақстанның танымал әртістері, оның ішінде The Limba, Райм және Артур, Ziruza, М'Dee, сондай-ақ "ТНТ" арнасындағы "Песни" жобасының жартылай финалисі Say Mo ("Қазақстан" орталық концерт залы).

19.00 – Симфониялық оркестр "Гарри Поттер және Кариб теңізі" атты концерт береді ("Астана" концерт залы).

АЛМАТЫ

08.30 – Қазақстанда Орталық Азия урологтарының I конгресі өтеді. CACU конгресіне Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Ресей мен Өзбекстан. Конгрес кезінде дәрістер мен дебаттар ұйымдастыралады. Ал кәсіби урологтар ота жасап, бейнебайланыс арқылы көрсетеді. ("Rixos Almaty" қонақ үйі, Сейфуллин көшесі 506/99).

26 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – "Корсар" балеті қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – Алматыдағы "Мысықтар планетасы" фелинологиялық орталығының (WACC) көрмесі. Сол жерде мысықтардың 20 тұқымы таныстырылады. Соның ішінде мейн-кун, скоттиш-фолд, корниш-рекс, девон-рекс, петерболд, дон сфинксі және тағы басқалар бар. Сарапшылардың атынан Thomas Anders (Дания) пен Петр Лацплес (Россия) сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, көрмеге басқа да экзотикалық жануарлар шығарылады. (Grand park сауда үйі, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 777 367 89 09).

18.00 - "Аққу көлі" атты әлемдік балет жұлдыздарының фестивалі. Бұл – үш спектакльдің біреуі. Одан кейін 26-27 қазан күндері Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында әлемдік жұлдыздар - Берлин ұлттық операның өкілі Алехандро Вирелес, Ресейдің Михайлов театрының прима балеринасы, сондай-ақ, Эйфман театрының солисті Светлана Бедненко өнер көрсетеді. (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры. Байланыс телефоны: +7 707 710 33 01).

27 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – World Electronic Sports Games 2019: Kazakhstan финалына іріктеу кезеңі өтеді. Қатысушылар Counter-Strike: Global Offensive, Dota 2, StarCraft II и Pro Evolution Soccer 2020 ойындарынан бақтарын сынайды. Жеңімпаздар 16-17 қарашада Алматыда өтетін WESG 2019: Mid Asia халықаралық турнирінде Қазақстанның намысын қорғайды.

World Electronic Sports Games — халықаралық ірі киберспорт чемпионаты. Оны Alibaba Sports компаниясы ұйымдастырады (Жекпе-жек сарайы, Қабанбай батыр даңғылы, 42).

29 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14.00 – Halloween Day. Шараға қатысушылар "Монстрлар үйі" мультфильмін тамашалайды. Сондай-ақ арнайы кеш ұйымдастырылады (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3).

30 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Музицируем вместе" атты концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

19.00 – Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығына орай салтанатты концерт ұйымдастырылады. Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері қатысады ("Қазақстан" орталық концерт залы).

31 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Париж Богемасы" атты опера қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

19.00 – Әлемдегі итальян тілі апталағы аясында "Солистер академиясы" мемлекеттік оркестрінің концерті ұйымдастырылады. Концерттің дирижері – танымал маэстро Михаил Кирхгофф. Сондай-ақ сахнада танымал итальяндық пианиношы Giuliano Mazzoccante өнер көрсетеді. Өнер сүйер қауым Ференц Лист, Антон Брукнердің шығармаларымен таныса алады. Концерт Қазақстандағы Италия елшілігінің қолдауымен өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0