Қоғам

Дариға Назарбаева Мәскеуде патриарх Кириллмен кездесті

© Photo : пресс-служба сената парламентаВстреча патриарха Кирилла с председателем Сената парламента Республики Казахстан Даригой Назарбаевой
Встреча патриарха Кирилла с председателем Сената парламента Республики Казахстан Даригой Назарбаевой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат төрағасы патриархты Қазақстанда өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші съезіне қатысуға шақырды   

МӘСКЕУ, 24 қазан — Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева мен патриарх Кирилл діни экстремизмге қарсы күрес мәселесін талқылады.

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуДариға Назарбаеваның патриарх Кириллмен кездесуі, Мәскеу қаласы
Дариға Назарбаева Мәскеуде патриарх Кириллмен кездесті - Sputnik Қазақстан
Дариға Назарбаеваның патриарх Кириллмен кездесуі, Мәскеу қаласы

Патриархтың айтуынша, экстремизмнің алдын алу маңызды. Терроризм Қазақстан мен Ресейді ғана емес, барша әлемді алаңдатып отыр.

"Дін жолындағы адам үшін Құдайдың заңынан артық заң жоқ. Қауіпті қылмыскерлер осыны пайдаланып, адамдарды террористік әрекеттерге итермелейді. Дін және конфессия лидерлерінің міндеті - қылмыскерлердің осы жоспарына тосқауыл қою", - деді патриарх.

Тағы оқыңыз: Ресейлік саясаткер Дариға Назарбаеваға ерекше ұсыныс жасады

Дариға Назарбаева патриархтың пікірімен келісті. Ол Қазақстандағы салалық ведомствоның осы бағытта атқарып жатқан жұмысы туралы айтты.

"Біз зайырлы мемлекет болсақ та, бұл мәселені назардан тыс қалдыру қауіпті екенін түсінеміз ", - деді ол.

Сенат спикерінің айтуынша, Қазақстан бейбітшілікті қолдайды. Тұрғындардың өмірі сүру деңгейін арттыруға мән береді.

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуСенат төрағасы патриархты Қазақстанда өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші съезіне қатысуға шақырды
Дариға Назарбаева Мәскеуде патриарх Кириллмен кездесті - Sputnik Қазақстан
Сенат төрағасы патриархты Қазақстанда өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші съезіне қатысуға шақырды

"Бұл тұста дін өте маңызды рөлге ие. Өйткені арам пиғылы барлар адамдардың қайғысы мен дағдарыс кезін пайдаланады. Әлеуметтік, дінаралық және ұлтаралық алауыздық тудырады. Сондықтан ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу керек. Балабақшадан бастау қажет ", - деді сенат төрағасы.

Сөз соңында сенат төрағасы патриархты Қазақстанда өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші съезіне қатысуға шақырды.

Жаңалықтар
0