АЛМАТЫ, 24 қазан — Sputnik. Алматының Әл-Фараби даңғылында автобус түгі қалмай жанып кетті.
Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді.
"Сағат 6.45-те Бостандық ауданы Әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында автобустың өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Кейіннен "Yutong" маркалы №32 жолаушылар автобусының өртке оранғаны анықталды. Көлік жүргізушісі тілсіз жаумен өзі күресуге тырысқан", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сағат 07.04-те сөндірілді. Оның аумағы - 25 шаршы метр.
Оқиға болған кезде автобуста жолаушылар болмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Көктемде елордада осыған ұқсас жағдай болған еді. Ол кезде де №13-ші сәтсіз нөмірлі автобус түгі қалмай жанып кетті. Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.