НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Токионың көшелерінде серуендеді. Фотоны желіге Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жүктеді.
Как вы заметили, ежедневная норма Елбасы - порядка 7700 шагов. Вчера после церемонии интронизации и официального приёма Императора Нурсултан Назарбаев совершил пешую прогулку по вечернему Токио. Нормативы важно соблюдать pic.twitter.com/zdAKHJ14Fb
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) 23 октября 2019 г.
"Елбасы Жапонияға сапары кезінде Токионың әкімшілік ауданында тұрды. Ол Минато ауданының адамға толы көшелерінде серуендеді", - деп жазды Үкібай.
Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасы күніне 7700 қадам жасайтынын атап өтті. Назарбаев Жапонияға императордың таққа отыру рәсіміне барған болатын.
Елбасы бұған дейін император Нарухитоның ресми таққа отыру салтанатына қатысты. Жиын 22 қазан күні Император сарайында өтті. Назарбаев салтанатты рәсімге фрак киіп барды.
Бұған дейін желіде Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпарат жариялаған болатын.