Қоғам

Түркістан облысының әкімі өңірде неге зорлық жиілеп кеткенін түсіндірді

© Photo : primeminister.kzУмирзак Шукеев
Умирзак Шукеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өмірзақ Шөкеев жағымсыз құбылысты насихаттап, халықты дүрліктіре берудің қажеті жоқ екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде зорлық-зомбылық жиілеп кетуіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналист Түркістан облысында соңғы кезде зорлық-зомбылық көбейіп кеткенін айта келе, өңір басшысынан бұл мәселені қалай шешетінін сұрады.   

Өмірзақ Шөкеев бұл Түркістан облысына тән құбылыс емес екенін, оған көптеген фактор әсер етіп жатқанын жеткізді.

"Өңірде адамдар тығыз қоныстанған. Ол түсінікті жағдай. Шындығын айтқанда мұндай жағдай бұрын болмайтын. Мен Оңтүстік Қазақтан облысының тумасымын. Осында ер жеттім. Мұншалықты көлемде суицид, балаларға қатысты зорлық-зомбылық болмаған. Әрине, бұл бағытта бірдеңені назардан тыс қалдырған шығармыз", - деді Өмірзақ Шөкеев ағынан жарылып.

Оның айтуынша, қазіргі таңда бұл салаға мықты мамандар тартылып жатыр.

"Өңірдегі аудан әкімдерімен үнемі кеңес өткізіп отырамыз. Бұл мәселені шешудің жолын қарастырып жатырмыз. Статистика деректерін өткен жылмен салыстырсақ, зорлық-зомбылық төмендеп келеді", - деді облыс әкімі.  

Осы орайда Өмірзақ Шөкеев жағымсыз құбылысты насихаттап, халықты дүрліктірудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл суицид жағдайларының санын арттыруы мүмкін.

"Сондықтан бұл мәселені шешу үшін жүйелі түрде жұмыс істеу керек. Оның ішінде психологтардың санын арттыру қажет. Тәрбие жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жағдайларға жарнама жасаудың, ақпараттық қолдаудың керегі жоқ. Өте күрделі мәселе. Халықаралық сарапшыларды да тартып жатырмыз", - деп түйіндеді сөзін өңір басшысы.

Жаңалықтар
0