Қоғам

Қазақстанның экс-премьері жазасын жеңілдетуді сұрады

© Sputnik / Рамиль СитдиковПапки с документами, архивное фото
Папки с документами, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Серік Ахметовтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініші Қарағанды қаласының Қазыбек аудандық сотына түсті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов бас бостандығын шектеу жазасын шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға алмастыруды сұрады. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға Қарағанды облыстық сотында растады.

"Қарағанды қаласының Қазыбек аудандық сотына Серік Ахметовтен шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түсті. Іс 25 қазан күні сағат 10:30-да қаралады", - деп хабарлады сотта.

Өткен жылдың мамыр айында бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов Қазыбек аудандық сотына жазаны жеңілдетуге қатысты өтініш жолдаған болатын. Ол бас бостандығын шектеу жазасын айыппұлға алмастыруды сұрады. 

Кейін Ахметов бұл өтінішті қайтып алуға арыз жазды. Осы арызына байланысты сотталған азаматтың өтініші сотта қаралған жоқ. 24 мамырда судья тиісті қаулы шығарды.

Серік Ахметовтің ісі

Серік Ахметовке мүлікті талан-таражға салды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Тағы оқыңыз: Серік Ахметов бостандыққа шыққан соң не деді?

Бұл іс бойынша 100-ден аса адам тергелді, тергеу 4 айға созылды. Бұрынғы үкімет басшысы кінәсін ішінара мойындап, соттағы соңғы сөзінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімін ақтай алмағын үшін одан кешірім сұрады. Сот процесіне 4 мемлекеттік айыптаушы және 42 адвокат қатысты. Қылмыстық іс 338 томнан тұрды.

2015 жылдың желтоқсанында Қарағанды облыстық соты Серік Ахметовті 10 жылға бас бостандығынан айырды, әрі мүлкін тәркілеп, 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салды.

© SputnikСерік Ахметовтің түзету мекемесінен шыққан сәті
Қазақстанның экс-премьері жазасын жеңілдетуді сұрады - Sputnik Қазақстан
Серік Ахметовтің түзету мекемесінен шыққан сәті

Апелляциялық отырыста басшының мемлекетке келтірілді деген 2,5 миллиард теңге шығынды өтегендіктен, мерзімі 8 жылға дейін қысқарды.

Ол 2 жыл жазасын Қарағанды облысындағы Қарабас ауылында АК159/18 колониясында өтеді. Мемлекетке келген шығынды қайтаруына және рақымшылыққа ілігуіне байланысты жазасының 3,5 жылы қысқарып, қалған 4 жылы бостандығын шектеу жазасына ауысты. Экс-премьер 2017 жылдың 21 қыркүйегінде түрмеден босап шықты. Ол жазасының қалған бөлігін Қарағандыдағы үйінде өтейтін болды. Заң бойынша ол 4 жылдай қаладан шықпауы тиіс.

Жаңалықтар
0