Қоғам

Белгілі адвокат Тоқаевқа маңызды ұсыныс жасады

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаГлава государства провел встречи с членами Национального совета общественного доверия
Глава государства провел встречи с членами Национального совета общественного доверия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесу өткізіп, бірқатар маңызды мәселені талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Белгілі заңгер, адвокат Айман Омарова президентке қылмыстық кодекстің 130-шы және 174-ші бабына өзгерту мен түзету енгізуді ұсынды. Бұл баптарда жала жабу мен әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе дiни алауыздықты қоздыру үшін жаза қарастырылған.

Президент Омарованың бастамасының маңызды екенін атап өтіп, кемсітушілікке қарсы заңнама нормаларын енгізгенде шетелдік тәжірибені қолдану қажеттігін айтты.

Айта кетсек, қазақстандық құқық қорғаушылары жала жапқаны үшін қолданылатын жазаны қылмыстықтан әкімшілікке алмастыруды бірнеше жылдан бері көтеріп жүр. Сарапшылардың ойынша, жала жапқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту БАҚ-қа қысым көрсетіп, елдегі сөз бостандығын шектейді. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев өзінің кеңесшісін тағайындады

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесу кезінде президент саясаттанушы Данияр Әшімбаевпен де әңгімелесті. Кездесуде сарапшылар қауымдастығы мен жұртшылықты белсенді тарта отырып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына бақылауды күшейту жайындағы ұсыныстар қаралды.

Тоқаев қоғам қайраткері Ауыт Мұқибекпен кездесу кезінде миграция және көші-қон туралы заңнаманы жетілдіру мәселесін көтерді. Ауыт Мұқибек Мемлекет басшысының "оралман" сөзінен бас тартып, оны "қандастар" деп өзгерту жөніндегі бастамасын қолдайтынын айтты.

Жаңалықтар
0