Қоғам

Қазақ жігіттерінің Сирияда немен айналысқаны әшкере болды

© Sputnik / Абзал КалиевСуд над обвиняемыми в терроризме
Суд над обвиняемыми в терроризме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта "Жусан" операциясы аясында елге қайтарылған 14 адамның аты-жөні жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Содырлардың бәрі ДАИШ* террористік ұйымының мүшесі болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушылардың біреуі - 1992 жылы туған Данияр Әлтаев. 2013 жылы Бішкек арқылы Сирияға барған. Лақап аты - "Әбу Юсуф". Екіншісі – 1997 жылғы Абзал Амангелді. Осыдан төрт жыл бұрын ата-анасымен бірге Сирияға көшіп кеткен. Сол жақта ИГИЛ*-дың құрамына кіретін "қазақ жамағатына" қосылған. Былтыр Абзал Амангелді террористік ұйым құрамынан шығып, қашып кетті. Оның бес баласы бар.

© Sputnik / Абзал КалиевСириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы
Қазақ жігіттерінің Сирияда немен айналысқаны әшкере болды - Sputnik Қазақстан
Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы

Ал Тұрлан Әбілқайыров 25 жасында әйелі мен баласын алып, алдымен Ресейге, одан кейін Түркияға барған. Сол жақтан Сирияға заңсыз өтіп кеткен. Сөйтіп террористік топтың құрамына қосылды. Оның лақап аты - "Әбу Сейфуллах". Тағы бір сотталушы Жандос Әжмәмбетов Сирияда "Хасан" деген атымен танылған. Жасы – 29-да. 1985 жылы туған Ермұхан Айыпқалиевтың лақап аты - "Исмайл". Ол жарақат алып, мүгедек болып қалған. Айыпқалиев бүгінгі сот отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты. Себебі өзі жүре алмайды.

56 жастағы Газинұр Бақытжанов Сирияда екі бірдей лақап атпен танылған. Біреуі - "Әбу Сүлейман", екіншісі - "Бабай". Ол ИГИЛ*-дың ішкі қауіпсіздік қызметіне кірген және әскер қатарынан қашқан Қазақстан азаматтарын құрықтауға көмектескен. Онымен бірге 1986 жылғы Аманжол Жансеңгіров жүрген. Ол 8 жыл бұрын алдымен Ауғанстанға барған. Ал екі жылдан кейін Сирияға заңсыз өтті. 

© Sputnik / Абзал КалиевСириядан оралған қазақстандықтарға қатысты тергеу материалдары
Қазақ жігіттерінің Сирияда немен айналысқаны әшкере болды - Sputnik Қазақстан
Сириядан оралған қазақстандықтарға қатысты тергеу материалдары

35 жастағы Бақтияр Ибраев та алдымен ауған жеріне барды. Бертін келе, Сирияға ауысып, сол жерде әскери тактика мен снайперлік өнер бойынша инструктор болған. Содырлар оны "Әбу әли" деп атаған. Ал 1978 жылғы Нұрлан Қамаловтың бірнеше лақап аты болған. Олар - "Абдулла", "Қожеке" және "Әбуотбасы туралы Абдулла". Ол "қазақ жамағаты" құрамында "әмір" қызметін атқарған. 28 жастағы Руслан Қуановты "Аббас" деп атаған. Ол Мысырда діни білім алып жүргенде ИГИЛ*-дың ықпалына түскен. Сөйтіп, Сирияға кетіп қалған. Сол жақта ұлты қазақ жігіттеріне дәріс оқыды.

Тағы оқыңыз: "4 адамның басын кесіп алған": қазақ жігіттерінің Сириядағы қылмысы жарияланды

Бұдан бөлек, сотталушылардың арасында 1986 жылы туған Алмаз Нарбутин (лақап аты - "Солих медик"), 1988 жылғы Дәурен Сәбитұлы, 1990 жылғы Думан Сәдуақасов және 1987 жылы туған Данабек Төреханов бар. Сотта барлығы өздерінің отбасы жайында айтып берді. Мәселен, Алмаз Нарбутиннің екі баласы бар. Екі рет үйленген, бірақ заңды неке қимаған. Оның бір әйелі Сирияда жүргенде қайтыс болды.

*ДАИШ, ИГ (Ислам мемлекеті) - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0