НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан — Sputnik. Әйелдерге жай ғана "жаман жігіттер" емес, психопат мінезді ер адамдар ұнайды. Арнайы зерттеу жүргізген Канададағы Брок университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келген, деп жазады The Daily Mail.
Зерттеу кезінде 108 әйелге әртүрлі ер адамдар түсірілген қысқа видеороликтер ұсынылған. Содан кейін мамандар нәзік жандылардан "осы жігіттердің қайсысымен кездесуге барар едіңіздер?" деп сұрайды. Ал ер адамдар психопатиялық ауытқушылықтар, интеллект деңгейі, әйелдерге көзқарасы және әлеуметтенуге қабілеті бойынша тест тапсырады.
Тағы оқыңыз: Көп әйелдің күйеуі төсекте дөрекілік көрсетеді - қазақстандық психолог
Сонымен, зерттеу қорытындысы бойынша көп әйелге ұнаған жігіттердің психопатиялық ауытқушылықтар бойынша тапсырған сынақтан жоғары ұпай жинағаны белгілі болды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай ер адамдар сабырлы, өз-өзіне сенімді болады және керек уақытта керек сөз айта біледі.
"Психопатиялық ерлердің әйелдерді өзіне тарта алатын қасиеті бар. Олар өз-өзіне өте сенімді, әйелдің назарын өзіне аудару үшін не істеу қажеттігін нақты біледі. Мұндай ер адамдардың түпкі мақсаты – көңіл көтеріп, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру. Осындай психопаттан зардап шекпеу үшін адамдармен жақынырақ танысуға кеңес береміз", - деп мәлім етті зерттеушілер.
Мамандардың айтуынша, психикалық ауытқулары бар ер адамдар түрмеде күзетші әйелдердің басын айналдырып алады екен, бірақ мұндай сотталушылар әдетте ең қатыгез болып келеді.