Қоғам

Сириядан оралған жігіт содырлар үш досын не үшін атып тастағанын айтып берді

© Sputnik / Абзал КалиевСуд над обвиняемыми в терроризме
Суд над обвиняемыми в терроризме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айыпталушы қақтығыс аймағына барғанда қатты өкінгенін айтады. Ол шетелге отбасымен бірге шыққан. Бірақ әйеліне мәселенің мән-жайын орта жолда ғана түсіндіріпті

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Астанада ИГИЛ* террористік ұйымның құрамында болған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Айыпталушы Аманжол Жансеңгіров өз жолдастарынан қалай айырылғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, бас кезінде көп нәрсені түсінбеген. Әкімдікте жұмыс істепті. Одан кейін ислам косметикасын сатуымен айналысқан. Артынан видеонасихаттарды көріп, Шам еліндегі мұсылмандарға көмектесуге бел буды. Шетелге отбасымен бірге шыққан. Бірақ әйеліне мәселенің мән-жайын орта жолда ғана айтты. Ал қақтығыс аймағына барғанда қатты өкінген. Себебі жауласып жатқан топтар көп және әрбіреуі өз мүддесін көздейді. Соғыста да барлығы бірдей алдыңғы шепке шыға бермейді.

"Біз шетелден келгеннен кейін көп нәрсені білмедік. Сосын түсіндік. Түсінгеніміз, ирактық әмірлер бізді шеттететін, араб болмағасын көп сене бермейді. Олар "аманиятқа", яғни қауіпсіздік қызметіне, көбінесе, өз туыстарын алатын. Ал шетелден келгендерді аямайтын, сәл күдік болса, "тыңшысың" деп атып тастайтын", - дейді Жансеңгіров.

Айыпталушы Жансеңгіров бірнеше оқиғаны еске түсірді. Сол жақта оның жезғазғандық, ақтөбелік және астаналық үш жолдасы болған. Лақап аттары - Әли-Абдулла, Абабдулла-Ақтөбе және Әбдірахман-Астана.

"Бір төртеуіміз жол іздейміз деп келістік. Әли-Абдулла ылғи интернетке шығып жүретін. Ал интернетке шығу оңай емес, белгілі бір жерлер болатын. Соның бәрін қауіпсіздік қызметі бақылап отырды. Бір күні жезқазқандық досымды жаңағы қызмет ұстап алды да, еліне қашқысы келген тыңшысын деп, атып тастады", - дейді Жансеңгіров.

Тағы оқыңыз: Қазақ жігіттерінің Сирияда немен айналысқаны әшкере болды

Бір жылдан кейін үшеуі тағы қашудың амалын іздейді. Олар Түркияға барып, консулдан көмек сұрауды көздейді. Бірақ оған жету үшін ақша қажет. Жансеңгіров қаражат іздейді. Бірақ таба алмайды.

"Содан мен Абабдулла-Ақтөбе мен Әбдірахман-Астанаға ақша таппағанымды айттым. Олар күте алмаймыз деді. Сөйтіп, қашып бара жатқан жерінен аманиятқа ұсталды. Екі айдан кейін оларды да атып тастады. Мен оны көріп, қатты қорықтым", - деді Жансеңгіров.

*ДАИШ, ИГИЛ – Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0